Материалдар

БЕЙСЕМБЕТОВ ИСКАНДЕР ҚАЛЫБЕКҰЛЫ


ӘДІЛОВ ЖЕКСЕНБЕК МӘКЕЙҰЛЫ

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Хабарлары. Геология және техника ғылымдар сериясы» журналының

 Бас редакторы

ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, профессор

Алғы сөз!

XX ғасырдың екінші жартысындағы қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы негізінде біздің елімізде күрделі табиғат жағдайы қалыптасты. Материалдық өндірістер көбейді, барған сайын шикізатқа сұраныстың өсуінің нәтижесінде жерасты мен үсті қазба байлықтары жеделдетіп игерілді. 1990 жж. басында тәуелсіздіктің тұғырлы белесіне қол жеткізген Қазақстан Республикасы өзінің соны тарихи жолын бастады. Ширек ғасырға жуық уақыт ішінде еліміз тар жол тайғақ кешу мен зұлмат қиын-қыстау кезеңдерден сүрінбей өтіп, жаңа деңгейге қол жеткізді.

Тәуелсіздік жылдарында мемлекеттің ЖІӨ 10 есе ұлғайды. ЖІӨ адам басына 17 есеге өсті - $700-ден  $12 мыңға. Өсу қарқыны бойынша мемлекет әлемдік лидерлердің қатарына қосылды. Мемлекет қоры 80 млрд. АҚШ доллардан асады. Британдық сарапшылардың бағасына сүйенсек, Қазақстан XXI ғасырда қарқынды дамыған 25 мемлекеттің ішінде екен.

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуының негізгі себептері – нарықтық реформа, сыртқы сауда-саттық пен инвестиция. Қазақстан бай табиғи ресурстары мен бірнеше жеке және өзіндік тұрмыстық-шаруашылық қалыптастыру қажеттілігіне  мен ғылым, технология жетістіктерін орынды пайдалану үшін экономикалық дамудың өзіндік моделін  құруда.   Экономиканың мемлекеттік емес саласы қарқынды дамуда – акционерлік қоғам,  салааралық үйлестіру мен сыртқы экономикалық қауымдастық. Концерндар мен консорциумдар.

Осыған орай бұл журналдың қалың оқырманға тигізер септігі мол деп білеміз. Өйткені геология және техника ғылым салалары – заманауи уақыттың ең негізгі тетіктеріне айналып отыр. Демек, аталмыш ғылымдар мен байланысты ашылып отырған бұл журналдың болашағы жарқын болғай!

 

 

Бас редактор бағаны

FacebookTwitterMixxVimeo

Біздің журнал

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30