Пайдалы қазбалар өндірісі Қазақстанда жер сілкінісі қаупін күшейтіп отыр

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстанда пайдалы қазбаларды белсенді өндірудің салдарынан жер сілкінісі қаупі күшейіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Оңтүстік және Орталық Азиядағы сейсмология саласындағы өңірлік ынтымақтастық жөніндегі семинар барысында Қазақстанның Сейсмология институтының директоры Таңатқан Абақанов айтты. Оның айтуынша, Қазақстандағы жер сілкіністері табиғи немесе техногенді сипатта болуы мүмкін.

 

Абақанов Ресейдің кейбір аймақтарын мысалға келтірді - Түмен, Башқұртстан, Татарстан өңірлерінде өндіруші компаниялардың қызметі басталмағанға дейін жер сілкінісі байқалмаған. Елімізде өндірістің салдарынан сейсмикалық қаупі айтарлықтай артып отырған өңір - Батыс Қазақстан. "Қазіргі уақытта табиғи қауіппен бірге, көмірсутегі шикізаты мен қатты пайдалы қазбалар өндірілетін өңірлерде техногенді қауіп те күшейіп отыр. Мұнай мен газды барлау барысында бұл мәселе ескеріле бермейді, бірақ өндіру мен пайдалану барысында біздің ұсыныстарымызды ескерген жөн, өйткені біз аталған өңірдің сейсмикалық қаупін бағалаймыз", - деді Абақанов.

Сейсмологтың айтуынша, Қазақстанда магнитудасы 7-ден асатын табиғи жер сілкіністері көп жылдан бері болған жоқ. Бұл жер қойнауында әлеуетті энергияның жиналып қалуына ықпал етеді, яғни күшті жерасты дүмпулері қаупін арттырады. Абақановтың айтуынша, сейсмикалық қаупі күшті аймақтар - Қазақстанның шығысы, оңтүстік-шығысы және оңтүстігі. Сейсмология институтының директоры Қазақстанда жақын келешектегі жер сілкіністерін болжау қиын, ал ұзақ мерзімді болжамдар жасауда отандық мамандар Қытаймен белсенді ынтымақтастықта.

Бас редактор бағаны

FacebookTwitterMixxVimeo

Біздің журнал

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30